фото: pixabay.com
Сіз банан мен кивиді жиі жейсіз бе?
Екі өнімдердің тез ұйықтауға көмектесетіні дәлелденді.
Британдық Sleep Charity ұйымының сарапшылары кейбір тағамдар, соның ішінде банан, адамның тез ұйықтап кетуіне көмектесетінін анықтады, деп жазды Mirror басылымы.
Өйткені, бұл жеміс магний мен калийдің көзі - ұйқы саласын зерттеумен айналысатын мамандар түсіндіргендей, оның құрамында бұлшықетті босаңсытуға көмектесетін микроэлементтер бар. Сонымен қатар, сарапшылар жемісте тыныштық гормондарын сыйлайтын амин қышқылы жеткілікті екенін мәлімдеді.
«Ұйықтар алдында тұтас бананды жеп қойыңыз немесе одан смузи жасаңыз», - деп кеңес берді мамандар.
Магний бадамда да кездеседі.
Фото pixabay.com.
«Бадамда ұйқы кезінде қандағы қант деңгейін тұрақты ұстауға және денені белсенді адреналин циклінен тыныштыққа бөлейтін және ас қорыту режимін жақсартуға көмектесетін ақуыздар бар. Түстен кейінгі тағамның орнына жаңғақ жеуге немесе ұйықтар алдында бал қосылған жылы сүт ішуге тырысыңыз», - деді ұйқы мамандары.
Киви де тез ұйықтауға көмектеседі. Бұл жеміс микроэлементтерге бай. Сондықтан оны тұрақты жесеңіз ұйқыңыз реттеледі.
Кивиді кешке жатар алдында жесеңіз тез ұйықтайсыз. Себебі кивидің құрамында серотонин мен антиоксидант, фолий қышқылы, В дәрумені көп. Бұл дәрумендердің адамның ұйқысы бұзылғанда жақсы әсер етеді, дейді Sleep Charity ұйымының сарапшылары.
Мамандардың айтуынша, көбінесе көктемде адам бойында А, Д, В1, Е, В12, В6, В2, К дәрумендері жетіспейді. Егер осы дәрумендерді қабылдасаңыз ұйқыңыздың және көңіл-күйіңіздің жақсаратыны анық.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через