Тестілеу кезінде ережені бұзғаны үшін 229 талапкер аудиториядан шығарылған

Тестілеу кезінде ережені бұзғаны үшін 229 талапкер аудиториядан шығарылған
фото: inbusiness.kz.

       Грант иегерлерінің тізімі қашан шығатыны белгілі болды. Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ қорытындысы бойынша білім гранты иегерлерінің тізімдері қашан жарияланатынын айтты. 

       ҰБТ басталғалы бері талапкерлердің 78% шекті баллды жинаған. Орташа балл – 69 балл, ал ең жоғары көрсеткіш – 137 болды.

       Қазір "Педагогика ғылымдары" мен "Денсаулық сақтау" мамандықтарына түсуге ниет білдірген талапкерлер үшін арнайы емтихандар өтіп жатыр. ЖОО 7 шілдеге дейін 8-15 шілде аралығында өтетін шығармашылық емтихандарға қатысуға өтініш қабылдайды.

       "ҰБТ-ның бесінші аптасы аяқталды. Осы аптада жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жұмысын бастады, олар 25 тамызға дейін ЖОО-ға түсу үшін құжаттарды қабылдайды. 10 тамызға дейін мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімдері жарияланады", - деді Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

       Смартфондар, гаджеттер және басқа да тыйым салынған заттардың кесірінен 290 талапкер тестілеуге кіру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережені бұзғаны үшін 229 адам аудиториядан шығарылған.

       Айта кетейік, ҰБТ аяқталғаннан кейін 31 қазанға дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану және ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда талапкердің ҰБТ нәтижелері жойылады.

       Stan.kz