фото: pixabay.com
15 ақпанда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен терроризмді әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдікпен Атырау облысының 17 жасар тұрғынын ұстады.
Тінту кезінде одан тергеуге қажет материалдар алынды.
«Қылмыстық кодекстің 256-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Айта кететіні, 2023 жылы бұл азамат осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін 2 жылға бас бостандығынан шектеуге жазаланған.
Қабылданған процестік және профилактикалық шараларға қарамастан, ол құқыққа қарсы әрекеттерін жалғастырды», — деп жазды ведомстводан.
Бұл ретте, террористік қылмыстар үшін жауапкершілік 14 жастан басталады.
ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөліміне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Дереккөз kaz.inform.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через