Қатер айтып келмейді, ал абайсызда болған жағдайға қалай төтеп береміз? Әсіресе, оттан, судан келген қауіп-қатер ең қорқыныштысы болса керек.
Сақтансаң — сақтайды, алайда, осы сынды оқиғаларға кез болғанда не істеу қажеттігін білген артық етпейді.
Алдымен қаншалықты ашыса да күйген жерді суық суда ұстап, тазалап алу қажет.
Тұз немесе бал
Кейін жара орнына тұз немесе бал мен шикі жұмыртқаның ағын жағуға болады. Егер жара қабынып, ауырғаны сезілсе, алмұртты танып қойыңыз.
Тіс пастасы
Тіс пастасының да осы тұрғыда пайдасы бар. Ол терінің қабынуының алдын алады, ісуден де сақтайды. Күйіп қалған орын зақымданғаннан бөлек, ісіну белгілері біліне бастаса, пайдаланыңыз. Оны күйген теріге жағып, шамалы уақыттан соң жуып тастасыңыз болғаны, бірден шипасын береді.
Спирт
Сондай-ақ, тері қатты күйіп, зақымданатын болса, сол сәтте спиртке салғаныңыз дұрыс болмақ. Яғни, мақтаны спиртке малып, күйген орында сүртіп отыру амалдары жиі жасалуы тиіс. Егер, майға немесе суға күйіп қалсаңыз, сұйық майдың өзі ем болмақ.
Ал ауру асқынып, дерт айықпаса дәрігерге қаралғаныңыз жөн. Өйткені, денсаулық сіз бен біздің басты байлығымыз.
Ақпарат көзі: anabol.kz. Фото vk.com.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через