фото: Хабар 24
Соңғы 20 жылда Антарктидадағы теңіздерден теңіз шаяны криль аулау көбейген.
Теңіздегі температураның көтерілуінен теңіз жәндігі жойылып кетудің аз-ақ алдында тұр. Мамандар осылай деп дабыл қағып отыр. Себебі бұл жәндіктің тұтас құрлық үшін маңызы зор.
Шаян тәріздес теңіз жәндігі тек мұзда тіршілік етіп, мұзда көбейеді. Мұзды мекендегі бүкіл тіршілік иесі дәл осы крильмен қоректенеді. Антарктида мұздықтарынан айырылатын болса, тек аю, пингвиндер емес, сонымен қатар түрлі ұсақ жәндіктер, кит пен итбалықтардың, бір сөзбен айтқанда, теңіздегі тіршіліктің құрдымға кету қаупі бар.
Андриа Каванах, зерттеуші:
- Климаттың өзгеруі Оңтүстік мұхиттың экожүйесіне орасан зор зиян келтіріп отыр. Теңіздегі температура көтерілгендіктен, мұздар да ериді. Ал теңіз мұзы крилл үшін өте маңызды.
Әлемдегі криль аулаудың 70%-і норвегиялық Акер Биомарин компаниясының үлесінде. Компания күніне 500 тонна аулап, «Омега 3» дәруменін өндірумен айналысады.
Мэтт Джохансен, Акер Био-Марин өкілі:
- Кей адамдар балық аулауға тыйым салу керек дейді. Егер шынымен де балық аулауды шектейтін болса, алдағы 30 жылда адам ағзасына 50 миллион тоннадай ақуыз жетіспейтін еді. Ал криль – ақуызға бай жәндік. Сондықтан біз ақуыздың басқа көздерін іздеуіміз қажет.
Антарктиданың теңіздегі тірі ресурстарды қорғау жөніндегі кеңесі отырыс өткізбек. Оған 27 елдің өкілі қатысады. Басқосу криль жәндігін сақтау жөнінде жаңа келіссөздер жүргізуге арналмақ.
Ақпарат дереккөзі: .24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через