фото: https://sputnik.kz
Теңіз кен орнында жарылыс болды
Атырау облысындағы Теңіз мұнай кен орнында жарылыс болды.
Салдарынан екі жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Атырау облысының полиция департаменті.
Жарылыс құбырды сынақтан өткізу кезінде болған. Болжам бойынша, құбыр қысымға төтеп бере алмаған, деп түсіндірді полиция.
"6 шілде сағат 09:55 шамасында Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында құбыр жарылды. Салдарынан 1985 жылғы екі жұмысшы мерт болды. Түрлі жарақат алған үш жұмысшыға медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деп мәлімдеді полиция.
Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 156-бабы 3-тармағы бойынша (Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу) тергеу басталды. Өзге ақпарат жария етілмейді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через