фото: https://sputnik.kz
Теңге бір күн ішінде 6,6%-ке әлсіреді
Бейсенбі күні Мәскеу биржасындағы валюталық сауда-саттықта рубль доллар мен еуроға шаққанда нығая бастады.
Украинадағы жағдайға байланысты ұлттық валюта бір күн ішінде бірден 30 теңгеге әлсіреді.
Бейсенбіде Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық 17.00-дегі жағдай бойынша АҚШ долларына шаққанда 466,01 теңге деңгейінде аяқталды. Бұл сәрсенбідегі дәл сол уақыттағы сауда-саттықпен салыстырғанда 28,82 теңгеге жоғары.
Күндізгі сессия барысында, 15.30-ға қарай доллар құны 465,99 теңгені құрады. Бұл 25 ақпанда ресми бағам саналады.
Таңертеңгі сауда-саттықта, 11.00-ге қарай ұлттық валюта долларға шаққанда 452,49 теңгеге саудаланды.
Қазақстанның валюта айырбастау пунктерінде бүгін долларды сату бағамы 470-471 теңгеге дейін жетті. Кейбір пунктерде шетелдік валюта сатылған жоқ.
Бейсенбі күні таңертең РФ президенті Владимир Путин Украинаға қатысты арнайы әскери операция туралы шешім қабылдағанын жариялады. Ресейліктерге жолдаған үндеуінде ол қазіргі жағдай "бізден табанды әрі жедел іс-қимылды талап етеді, Донбасстың халық республикалары Ресейден көмек сұрады" деп мәлімдеді.
Кейінірек РФ Қорғаныс министрлігі Ресейдің Қарулы күштері Украина қалаларына ракеталық, авиациялық немесе артиллериялық соққы жасамағанын атап өтті: дәлдігі жоғары құралдармен әскери аэродромдар, авиация, әуе шабуылына қарсы қорғаныс нысандары, әскери инфрақұрылым істен шығарылды. Министрлік қарапайым халыққа ешқандай қауіп төніп тұрмағанын айтты.
Осы оқиғалар кезінде мұнай бағасы да өсті. Brent маркалы мұнай барреліне 105 доллардан саудалануда.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через