фото: https://sputnik.kz
Теміржол бөлшектерін ұрлайтындар көбейіп барады
Жыл басынан бері "Қазақстан темір жолы" магистральдық желісінде жолдың жоғарғы құрылымының бөлшектері, атап айтқанда, түйіспелі төсемдер, болттар және тағы басқа құрылғылар 44 мәрте ұрланған.
"Мұндай заң бұзушылықтар жылжымалы құрамның жолдан шығып кетуіне, стратегиялық объектілердің бұзылуына себеп болып, жолаушылар мен жүктерге ауыр зардаптар әкелуі мүмкін", - деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.
Теміржол көлігі қызметкерлерінің қырағылығы арқасында төтенше жағдайға жол берілмеді. Жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кейбір учаскелерде пойыз жылдамдығы төмендетілсе, бұл олардың кестесіне теріс әсер етеді.
Теміржол инфрақұрылымы элементтерін ұрлаудың ең көп саны Алматы, Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Маңғыстау және Жамбыл өңірлерінде тіркелген.
"Алматы жол дистанциясы аумағында теміржолдың жоғарғы құрылымы элементтерін ұрлау жиілеп кетті. Тек соңғы бір жарым айда түнгі уақытта 72 астам жол төсемі мен 200 түйіспе болт ұрланған. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін біз желілік полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлескен рейдтер жүргіземіз", - дейді Алматы магистральдық желі бөлімшесінің директоры Асқар Жексенбиев.
Атап айтқанда, Қонаев станциясында теміржолшылар мен ПЖБ қызметкерлерінің бірлескен рейді барысында темір жол жоғарғы құрылысының бөлшектерін ұрлаған 1998 және 2003 жылғы жас жігіттер ұсталды. Ұрлық фактісі бойынша қаскүнемдерді қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылданады.
https://sputnik.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через