Теміржол бойында 100 шақырым қоршау орнатылады

Теміржол бойында 100 шақырым қоршау орнатылады

Көліктегі полиция мен тасымалдаушы компания басшылары теміржолдар бойындағы оқыс оқиғаларды азайту амалдарын қарастырып жатыр.

Теміржол бойындағы оқыс оқиғалар Алматы, Шымкент, Ақмола және Қызылорда жол бөлімшелерінің аймақтарында көп тіркелген. Негізгі себеп – адамдардың абайсыздығы және қауіптілігі жоғары аймақта ережелердің сақталмауы, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Адамдардың жолға рұқсатсыз шығуына тосқауыл қою үшін станцияларда шамамен 300 км қоршау орнатылған. Білім беру мекемелерінде түсіндіру-профилактикалық жұмыстарға көп көңіл бөлінеді. Тәртіп сақшыларымен бірлескен рейдтер жүргізіледі.

2024 жылдың соңына дейін Астана - Ақтөбе, Астана - Атырау, Астана - Защита, Алматы - Маңғышлақ, Алматы - Жезқазған, Астана - Орал учаскелеріндегі теміржолдар бойында 100 шақырымнан астам қоршау орнату жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Жаңаарқа (Қарағанды облысы), Жіңішке (Ақтөбе облысы), Достық (Алматы облысы) станцияларында жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін салу көзделген.

Фото: kaztag.kz