фото: © Photo : ТЖҚ Қазақстан
Теміртау қаласында жарылған газдан екі қабатты дүкен қирады. Төтенше жағдай бүгін таңғы сағат 08.06-да Ватутин көшесінде болған. Екі қабатты дүкен ғимаратында газ жарылды. Салдарынан сауда орнының ғимараты толығымен қирап қалды.
Құтқарушылар үйінді астынан бір әйелді алып шықты. Қазіргі кезде ол ауруханада жатыр. Сағат 09:49-да құтқарушылар 1973 жылы туған тағы бір әйелді алып шықты. Дүкенде сатушы болып жұмыс істеген ол алған жарақатынан қайтыс болды. Ал ауруханаға түскен әйелдің айтуынша үйінді астында тағы бір ер адам қалып қойған. Оны іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Газ жарылғаннан кейін өрт шықты. Тілсіз жау 40 шаршы метрге шарпыды.
Дүкен ғимараты табиғи газға қосылып тұрған.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через