Алматыда тауға шығатын туристер жүретін маршруттарын құтқарушылармен алдын ала келіседі.
Заңнамаға енгізілетін бұл өзгеріс туралы Алматыға жұмыс сапарымен келген Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты.
«Біз маршрутқа шығатын барлық туристік топтарды Алматының Төтенше жағдайлар департаментімен бағыттарды мақұлдап, хабарлап отыруға міндеттеу жөнінде заңнамаға өзгеріс енгізуге бастамашылық етпекпіз. Туризмді дамыту бойынша фронт-офистің құрылуын ескере отырып, топтардың қалай қозғалатынын бақылау үшін Республикалық жедел-құтқару жасақтарымен бірге туристік маршруттарды тіркеудің электронды нұсқасын тезірек іске қосу қажет», - деп ұсынды Ю.Ильин.
Бұдан бөлек, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру, құқықтық және әлеуметтік негізде қорғалуын арттыру мәселесі көтерілді.
Фото: YouTube
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через