Тауарды ойланбастан сатып алу әдетінен қалай арылуға болады

Тауарды ойланбастан сатып алу әдетінен қалай арылуға болады
фото: https://sputnik.kz

Тауарды ойланбастан сатып алу әдетінен қалай арылуға болады

Импульсивті сатып алу – бұл кездейсоқ, жоспарланбаған, қажетсіз сатып алу. Сіз мұны еш ойланбастан жасайсыз. Сол себепті әмияндағы қалған соңғы 5000 теңгені қайда жұмсағаныңызды есіңізге түсіре алмайсыз. Бұл – әркімнің басында болатын жағдай. Мұнымен  қалай күресуге болатыны туралы психолог Нұрайым Қисабекова айтып берді.

Қазіргі уақытта маркетологтар клиенттің сатып алу ниетіне әсер ететін айла-амалдарды пайдаланады. Одан бөлек адамның көңіл-күйі мен мінезі импульсивті сатып алуға әкеледі.

Психологтың айтуынша, бұл көбінесе мазасыздық, бақытсыздық және қоғам қабылдауына мән берумен байланысты.

"Алдымен сатып алатын мүлкіңізді және ұсақ заттардың шамалы бағасын есептеңіз. Сатып алатын заттарыңызды санаттарға бөлгеннен кейін сіз оның бір бөлігінен арылғыңыз келеді. Бірақ асықпаңыз! Терапия уақыты", – дейді маман.

Қажет емес заттардың құнын есептеңіз. Егер бұл сыйлық болса, онда нөлді қойыңыз. Қалған бағалар сатып алу кезінде қандай болды сол бойынша көрсетіңіз. Маған сеніңіз, шыққан сома сізді таңғалдырады. Естелік үшін затты суретке түсіріп, онымен қоштасыңыз.

Ойланбастан сатып алудан аулақ болудың тағы бір тиімді әдісі – сізге қуаныш сыйлайтын материалдық емес заттардың тізімін жасау. Қарапайым деп есептейтін: балалардың естеліктері, мектептегі қызықты уақыт, отбасы және ең жақсы достар, балалардың алғашқы қадамдары, дәмді бәліш, өмір жоспарлары және тағы басқасы. Бірақ бақыт ақша талап етпейтін осы сәттерден тұрады.

Орын ауыстыру. Мысалы серуендеу тұтынушыға деген көзқарасын өзгертуге көмектеседі. Қазіргі жастардың тілімен айтқанда ретрит немесе детокс жасау. Әлеуметтік желісіз, гаджетсіз өзіңізді қайта жүктеуді ұйымдастырыңыз. Осылайша күнделікті өмірде сізге көп заттың қажет емес екеніне көз жеткізесіз. Ал назарыңыздың мүлдем басқа құндылықтарға бағытталғанын түсінесіз.

Заттардың қажеттілігін бағалау шкаласын жасаңыз. Мұны істеу үшін сатып алудан бұрын өзіңізге қоятын бірнеше сұрақтарды тұжырымдау жеткілікті. Асықпаңыз! Дүкенге немесе базар алаңына "жаппай сатылым" деген бір сөзге бола жүгірмеңіз. "Бақытты сағаттар" сатып алушының өнімнің сапасын және оның қажеттілігін түсінуге уақыты жоқ екеніне арналған. Барлығы сатып алып жатыр, бұл маған да керек! Мен арзандатылған бағаға үш зат алдым. Сіздің мақсатыңыз – бұлай ойлауды тоқтату. Бәр сәт ой елегінен өткізу үшін тоқтаңыз. Зат неғұрлым қымбат болса, соншалықты кідіріс жасау керек.

Өзіңізде бар барлық заттың тізімін жасаңыз. Осыдан кейін бәрін төрт санатқа бөліңіз:

үнемі қажет;

кейде қажет;

қажет емес, бірақ ұнайтын заттар;

пайдасыз заттар.

Осыдан кейін сіз заттарды екінші және үшінші санаттарға қаншалықты әділ орналастырғаныңыз туралы ойланыңыз. Әдетте олар ең даулы және сол жерден көп нәрсе төртіншіге ауысуы мүмкін.

Төртінші санаттағы заттарға жұмсалған ақша мен уақытты есептеп, ол заттармен қоштасыңыз. Келесі жолы сіз бірдеңе сатып алмас бұрын ойлануыңыз мүмкін. Бұның барлығын бір уақытта немесе бір ретте жасау міндетті емес, кідіріс жасауға болады.

Сатып алуды кейінге шегеріңіз. Егер сіз шұғыл түрде қажет емес, бюджетіңізде қарастырылмаған және сіздің басымдықтарыңызға кірмейтін нәрсені сатып алғыңыз келсе, бұл зат шынымен де соған лайық па деп өзіңізге сұрақ қойыңыз. Әрине, мұндай сұрақ импульсивті сатып алудан құтқармайды.

Сондықтан заттың құнына байланысты сатып алуды бір аптаға, тіпті бір айға кейінге қалдыру ережесін ұстанған дұрыс. Осы уақытқа дейін сіз бұл нәрсені сатып алуға асығуыңыз мүмкін. Осылайша сіз өзіңіздің миыңызға кешіктірілген сыйақы ережесін үйретесіз.

Басымдықтарға мән беріңіз. Пайдасыз сатып алудан аулақ болудың соңғы әрекеті – бейтаныс адамның сынағы деп аталады. Бейтаныс адам сізге сатып алғыңыз келетін заттың құнымен пара-пар қаражат ұсынды деп елестетіңіз. Сонда сіз ақшаны немесе заттың қайсын таңдар едіңіз. Мүмкін сіз бұл ақшаны басқа нәрсеге бағыттаған дұрыс екенін түсініп, соңғы сәтте ойыңызды өзгертесіз.