фото: astanatv.kz
25 қарашада Ташкент Humo Arena кешенінде қазақстандық рэпер Jah Khalib концертіне байланысты тәртіпсіздік болды Ұлттық ұланның арнайы жасағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етті, деп хабарлайды Kazinform nova24.uz сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде жанжал мен төбелеске ұласқан ұзын-сонар кезектің видеосы тарады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, көп адамдар сатып алған жалған билеттерге байланысты концертке кіре алмаған.
Ұлттық ұланның баспасөз қызметі оқиғаны тәртіпсіздік деп атады.
Қоғамдық тәртіпті бұзған күдіктілер аренадан шығарылып, болуы мүмкін келеңсіз жағдайлардың алды алынды, ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлады Ұлттық ұлан қызметкерлері.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через