Тарихи жәдіргерлер табылды

Тарихи жәдіргерлер табылды

Қарағанды облысының Шет ауданындағы Талды археологиялық кешенінде қола, темір дәуірлеріне жататын қорымдардан жаңа жәдіргерлер табылды. Оларды зерделей келе ғалымдар осы төңіректегі Қызыл-жартас қорымында сақ заманының патшасы жерленген, деген болжам жасап отыр. Еске салсақ, Қызыл-жартаста 2500 жыл бұрын салынған қорымдардың алғашқысы былтыр зерттелген. Биыл оның маңындағы екінші қорым аршылуда. Қос қорымнан да жерленген адам қаңқалары табылыпты. Мұндағы ең ерекше жерлердің бірі ерте темір дәуіріне жататын қос сақ қорымы. Бұл қорымдардың ғылымға берер жаңалығы мол дейді ғалымдар. Талды археологиялық кешенін аспан астындағы мұражайға айналдыру жұмыстары да аяқталуға жақын.