Таразда облыстың инвестициялық белсенділігін ынталандыру мақсатында «Zhambyl Economic Investment Forum - 2023» халықаралық инвестициялық форумы өтеді.
Бұл туралы Жамбыл облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде мәлім болды.
«Форум 26-27 cәуір күндері өтеді деп жоспарланып отыр. Онда өнеркәсіп, агроөнеркәсіп, туризм, цифрландыру салалары қамтылады. Форумға жетекші халықаралық компаниялар мен отандық бизнестің 700-ден астам өкілі, инвесторлар, сарапшылар мен пікір көшбасшылары шақырылады.
Жалпы, форумның мақсаты – облыстың даму бағыттарын жандандыруға қолайлы әрі жаңа технологияларға бағдарланған инвестициялық, іскерлік, креативті ортаны қалыптастыру. Постиндустриалды экономикада өңірдің стратегиялық дамуының ғылыми техникалық және әлеуметтік идеяларын іске асыру», – деді Жамбыл облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев.
Айта кетейік, былтыр облыста 15 инвестициялық жоба іске асып, 1095 жаңа жұмыс орны ашылды. Инвестиция көлемі 2,3 пайызға артты.
Фото turaninfo.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через