фото: © Photo : Түркістан облысы әкімінің баспасөз-қызметі
Жамбыл облысында қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін автобустармен балаларды тасымалдаған, деп хабарлайды Жамбыл облыстық прокуратурасы.
Тараз қаласының прокуратурасы оқушыларды тасымалдайтын автобустарды тексерді.
"Қала мектептеріндегі 19 автобустың 10-ы жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережелерінің талаптарына сәйкес келмеген. Атап айтқанда, жүргізушілер рейс алдында медициналық тексеруден өтпеген, автобустарда медициналық қобдишалар, өрт сөндіргіштер, "Балаларды тасымалдау" белгілері болмаған", - дейді ведомство.
Автобустарда тасымалданатын балалардың жалпы саны отыруға арналған орындардың санынан асып кеткен.
Тіпті, жүргізуші куәлігінің тиісті санаты жоқ, жүргізушілер сақтандыру полисінсіз және техникалық байқаудан өтпей оқушыларды тасымалдаған.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через