Таразда адам өміріне қауіпті дрифт жасаған BMW жүргізушісі жазаланды

Таразда  адам өміріне қауіпті дрифт жасаған BMW жүргізушісі жазаланды
фото: https://sputnik.kz

Таразда  адам өміріне қауіпті дрифт жасаған BMW жүргізушісі жазаланды

BMW көлігі арнайы автотұраққа қойылып, жүргізушіге 49 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Тараз қаласында жол ережесін өрескел бұзған BMW жүргізушісі ұсталды. 28 жастағы ер адам мемлекеттік тіркеу нөмірін шешіп тастап, көшеде қауіпті дрифт жасаған.

Тараз полицейлері тәртіп бұзушылықты әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде анықтады. BMW жүргізушісі көше қиылыстарында тоқтап, бірнеше рет қауіпті дрифт жасаған. Басқа көліктерге кедергі келтірген. Көлік иесі мемлекеттік тіркеу нөмірін шешіп тастапты.

Алайда патрульдік полиция батальонының қызметкерлері көшеде шыр айналған көліктің иесін тапты. Ол Тараз қаласының 28 жастағы тұрғыны болып шықты. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 630-бабының 1-бөлігі (жол жабындысын ластау) бойынша үш хаттама және 590-баптың 2-бөлігі (мемлекеттік тіркеу нөмірін тақпау) бойынша тағы бір хаттама толтырылды. Осылайша BMW иесіне барлығы 49 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Автокөлік арнайы автотұраққа қойылып, көлік иесімен профилактикалық жұмыс жүргізілді.

Мәтіндегі ақпарат туралы