Таразда 12 жастағы қыздың асқазанынан салмағы 1 келіден астам шаш шықты

Таразда 12 жастағы қыздың асқазанынан салмағы 1 келіден астам шаш шықты
фото: sputnik.kz

Жамбыл облысында дәрігерлер жеткіншектің асқазанынан салмағы 1 келіден астам шаш алып шықты, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Жамбыл облыстық көпсалалы балалар ауруханасының хирургия бөлімінде 12 жастағы қызға ота жасалды.

"12 жастағы қызға ота жасалды. Бұл өте сирек кездесетін трихобезоар диагнозы. Жеткіншектің асқазанында шаш жиналып қалған. Қыздың анасының айтуынша, соңғы 6 ай бойы қыз іші ауыратынын айтып жиі шағымданған", - дейді ведомство.

Науқастың асқа тәбеті нашарлап, арықтай бастаған. Ол гастроэнтерологқа қаралып, ем алған.

Жамбыл облыстық көпсалалы балалар ауруханасында кешенді тексеруден өткенде, баланың асқазанында бөтен зат бары анықталған. Жасөспіріміге дереу ота жасалып, асқазанынан салмағы 1 келіден астам шаш алынған.

Қазақпарат

© Photo : Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі