Тараз көшесінде Қызыл кітапқа енген жайра жүр

Тараз көшесінде Қызыл кітапқа енген жайра жүр

       Тараздың теміржол вокзалы ауданында, нақтырақ айтсақ, Байзақ батыр көшесі мен Желтоқсан көшесінің қиылысында жүрген жайраны қала тұрғындарының бірі видеоға түсіріп алған.

       Видео кеше таңғы сағат 4-тердің шамасында түсірілген. Қазақстанның «Қызыл кітабына» сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түр ретінде енгізілген жануардың облыс орталығына қалай тап болғаны белгісіз.

       Негізінен Еуразия мен Африканың субтропиктік және тропиктік аймағында тіршілік ететін, Қазақстанда Талас Алатауында, Қаратауда, Маңғыстау түбегіндегі тау жоталары мен бөктерлеріндегі ормандар мен тоғайларда, өзен аңғарларында мекендейтін жайраның Жамбыл жерінде жүргені таңданарлық жайт болды.

       Айта кетейік, бұдан бұрын Жамбыл облысындағы «Меркі» қаумалында қар барысы, үнді жайраны және арқарлардың саны артып келе жатқанын БАҚ-да жазылған болатын.

      Онда Қаумалға қарасты орман қоры жерлері мен Қырғыз Алатауы аумағында қорғау және күзету жұмысы өз нәтижесін көрсете бастады. Өңірімізде бұры-соңды болмаған, «Қызыл кітапқа» енген арқар, үнді жайраны, түркістан сілеусіні, ақбас бүркіт секілді бірқатар аң-құстар пайда болып, саны өсуде.

     ҚазАқпарат