Мемлекет

Бөлісу

Таратылған тоғыз банктің салымшыларына 114 млрд теңге төленді

  Таратылған тоғыз банктің салымшыларына 114 млрд теңге төленді

Таратылған тоғыз банктің салымшыларына 114 млрд теңге төленді

Қор салымшылардың кепілдік берілген қаражатын қайтару бойынша жұмыстың үлкен кезеңі аяқталғанын хабарлады.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры таратылған тоғыз банктің салымшыларына 114,3 млрд теңгеден астам қаржы төледі. 419 мыңға жуық салымшы  өз  ақшасын  алды.

Осылайша 1 тамыздағы жағдай бойынша депозиттерге кепілдік беру қоры төлемдер  бойынша  өз  міндеттемелерін  99%-ке  орындады,  оның  ішінде:

"Валют-Транзит Банк" АҚ – 17,9 млрд теңге;

"Қазинвестбанк" АҚ – 2,1 млн теңге;

"Delta Bank" АҚ – 129,0 млн теңге;

"Qazaq Banki" АҚ – 20,5 млрд теңге;

"Қазақстан Эксимбанкі" АҚ – 258,0 млн теңге;

"Астана Банкі" АҚ – 37,5 млрд теңге;

"Tengri Bank" АҚ – 17,6 млрд теңге;

"Asia Credit Bank (AзияКредит Банк)" АҚ – 18,8 млрд теңге;

"Capital Bank Kazakhstan" АҚ – 1,6 млрд теңге.

Заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, 2021 жылғы 1 мамырдан бастап кепілдік өтемақыны төлеу төлем басталған күннен бастап бір жыл ішінде жүзеге асырылады.

Ал өтініш бермеген салымшылардың ақшасы олардың БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотына аударылады. Осылайша депозиттерге кепілдік беру қоры 830,5 млн теңгені ерікті зейнетақы жарналары ретінде салымшылардың жеке зейнетақы шотына жіберген. Салымшылар БЖЗҚ сайты мен мобильді қосымшасы, сондай-ақ "электронды үкімет" порталы арқылы зейнетақы шотына ақшаның түсіп-түспегенін тексере алады.

Сондай-ақ төлем мерзімін орынды себептермен өткізіп алған салымшылар, олардың ақшасы зейнетақы шотына аударылса да, қаражатты қайтару үшін Депозиттерге кепілдік беру қорына жүгінуге құқылы. Ол үшін белгіленген өтініш нысанын өз қолымен толтырып, төлем мерзімі ішінде Қорға уақтылы жүгінуге кедергі болған орынды себептерді растайтын құжаттарды қоса ұсынуы қажет. Салымшылар өтініштегі қолдарын нотариалды куәландыра отырып, құжаттарды  қордың  поштасына  да  жібере  алады.

Заңға  сәйкес орынды себептерге мыналар жатады:

әскери қызметке кіру,

Қазақстаннан тысқары жерде немесе бас бостандығынан айыру орындарында болу,

мұраны қабылдау, мұраны алуға немесе ашуға байланысты өзге де себептер,

сот анықтаған өзге де мән-жайлар


Мәтіндегі ақпарат туралы

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через