Түркістан облысы Сарыағаш қаласының тұрғыны танысын 5 млн теңгеге қарызға батырған, – деп хабарлайды Standard.kz порталы Polisia.kz сілтеме жасап.
Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, танысы бірге мал шаруашылығымен айналысамыз деп сендіріп, 5 млн теңге несие алдырған. Алайда ақша алғаннан кейін танысы жасырынып, берген уәдесін орындамаған не ақшасын қайтармаған.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Осы жайтқа байланысты алаяқтық қылмысын ашу мақсатында полиция бөлімінде тәжірибелі қызметкерлерден жедел-тергеу тобы құрылды.
Тәртіп сақшыларының іздестіруі нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, полицияға жеткізді. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Белгілі болғандай, ұсталған күдікті әйел алдау жолымен алған ақшаны өзінің қажеттілігіне жаратып жіберген. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тәртіп сақшылары күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
Фото 24.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через