Тамаққа қосылатын биологиялық белсенді қоспалар

Тамаққа қосылатын  биологиялық  белсенді қоспалар

       Тамаққа қосылатын биологиялық белсенді қоспалар — тағамдық және дәрілік өсімдіктердің концентраты, жеке немесе тағамға құрамын байыту үшін қосылып қолданылатын аурудың алдын-алу мен ағзаның жалпы жағдайын жақсартуға арналған табиғи тағамдық және биологиялық белсенді заттардың қосындысы.

       ББҚ-ты сауда айналысы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің бұйрықтарына сәйкес мемлекеттік тіркеуден өткен және санитарлық қағидаларға сәйкес келетін дәріханалар, дәріхана пункттері, мамандандырылған дүкендер және сауда желісі арқылы жүзеге асырылады.

       Биологиялық белсенді қоспаны сатып аларда олардың қауіпсіздігін куәландыратын құжаттарының және ББҚ туралы, оларды дайындаушы туралы толық, дәйекті ақпараттың болуына, қаптамалары мен сақталуының дұрыстығына, сақтау мерзіміне көз жеткізу қажет.

      БАҚ- ты таңбалау Кеден Одағының техникалық регламентінің талаптарына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылуы тиіс.

      Егер сіз диеталық қоспаларды қабылдауды шешсеңіз, дәрігермен кеңескен дұрыс. Есіңізде болсын, кейбір қоспалар дәрі-дәрмектермен өзара әрекеттеседі, бұл ағзаға жағымсыз және тіпті қауіпті әсер етуі мүмкін!

      Алматы қаласы Түрксіб ауданының санитариялық- эпидемиологиялық  бақылау  басқармасы санитариялық- эпидемиологиялық  бақылау   және қадағалау, техникалық регламенттерді  бақылау бөлімінің  бас  маманы  Айгүл Бекбосынова.