Талдықорғанның ірі супермаркеттерінде саудаланған картоптың 70% сапасы төмен. Бұл туралы ҚР Қаржы мониторингі әлеуметтік маңызы бар азық - түлік тауарларының өнім сапасына жүргізген мониторинг барысында мәлім болды.
Қаржылық мониторинг агенттігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, агенттіктің Жетісу облысы бойынша департаментінің қызметкерлері азық-түлік тауарларына баға белгілеудің тізбек бойынша делдалдық схемаларды тергеу бойынша Өңірлік комиссиямен бірлесіп, тұрақты түрде өндірушіден тұтынушыға дейінгі бағаның қалыптасуының мониторингін жүргізіп жатыр.
«Департамент әлеуметтік маңызы бар азық - түлік тауарларының өнім сапасына мониторинг жүргізіп, баға - сапа қатынасының сәйкестігі тексерілді. Мониторинг барысында, Талдықорған қаласының ірі супермаркеттерінде Жетісу «Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ жеткізетін картоп 170 теңгеден сатылған анықталды. Ол әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру қорынан қаржыландырылады, алайда сатылатын картоптың сапасы өте төмен болып шықты, өнімнің 70% тұтынуға жарамсыз»,-діленген хабарламада.
Департамент бастамасымен аталған мәселе Өңірлік комиссия отырысында қарастырылып, облыс әкімдігіне және «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік копорациясы АҚ профильді бөлімшелеріне тиісті нұсқаулар берілді.
Сауда орындарының әкімшілігімен және жеткізушілермен жүргізілген профилактикалық шаралардың нәтижесінде, жарамсыз картоп ауыстырылып, оның бағасы 1 килограмм үшін 170 теңгеден 100 теңгеге дейін төмендетілді.
«Жетісу ӘКК» АҚ-на, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізушілер мен сатушыларды бақылауын күшейту туралы тиісті тапсырыс берілді.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через