Талдықорғанда жөндеуден өткен көшенің сапасы сын көтермейді

Талдықорғанда жөндеуден өткен көшенің сапасы сын көтермейді
фото: sputnik.kz

Әлеуметтік желілерде Талдықорған қаласында жөндеу жүргізілген "Хан Тәңірі" көшесінің сапасы туралы бейнероликтер тарады. Қала тұрғындары жаңаданасфальт төселгенжолдың сапасына ашулы.

Кадрларда бейне авторы асфальттың дұрыс төселмегенін айтады. Тіпті өз сөздерін дәлелдеу үшін автор асфальттың бөліктерін жолдан қолымен жұлып алған.

Бұл асфальтты төсеген жерге, тіпті, әкімдіктің де көңілі толмай отыр. Биліктің айтуынша, өздері де мердігер ұйымның жұмысына қанағаттанбаған.

"Сметалық құжаттамада ұсақ түйіршікті асфальт-бетон төсеу, су өткізгіш құбырларды ауыстыру және ұзарту, сондай-ақ қиыршық тасты құм-қиыршық тас қоспасынан жасалған жол жиектерін нығайту көзделген. Мердігерге ақауларды жою туралы ескертулер жасалған. Нысан пайдалануға қабылданбаған және төлем әлі жүргізілмеген", - деп хабарлады Талдықорған әкімдігі.

Салдарынан жөндеу жұмысының уақыты қазан айына дейін ұзарды.

Ал қала тұрғындары көше-жол желісінің жөнделуін қатаң қадағалап, әлеуметтік желілерде жолаушылардың жұмысы туралы бейнероликтер жариялап отыратындарын айтты.

Қазақпарат