Талдықорғанда жас отбасы көлікте газға уланып көз жұмды

Талдықорғанда жас отбасы көлікте газға уланып көз жұмды
фото: © AFP 2023 / Cesar Manso

Бұған дейін әлеуметтік желіде жер үйлердің бірінің гаражынан жас жігіт пен қыздың мәйіті табылғаны туралы ақпарат тарады.

Пост авторының айтуынша, олар от алып тұрған көлікте ұйықтап қалған.

Полиция бұл фактіні растады. Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға қағылы жағдай ретінде тіркелді.

Алдын ала болжам бойынша жастар улы газ салдарынан көз жұмған. Қазіргі күні оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

ҚазАқпарат