фото: sputnik.kz
Талдықорғандағы саяжай маңынан қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған қойма табылды.
"Жасырын орында қару-жарақ арсеналы болды. Екі травматикалық тапанша, тегіс ұңғылы шолақ мылтық, үш жарық шуылды граната, 100-ден астам түрлі калибрлі патрон, сондай-ақ қорғаныс құралдары (полиция қалқаны, бронды кеудеше және екі каска) табылды", - деп хабарлады Жетісу облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Сарқытбай Құсайынов.
Қару-жарақ тәркіленіп, ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через