Мамыр айында жас таланттарға жол ашатын және елдің IT-қауымдастығын нығайтуға бағытталған спорттық бағдарламалаудан бірінші Қазақстан чемпионаты басталады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.
Жыл басында Спорттық бағдарламалау федерациясы құрылды. Бұл елімізде аталған саланы қарқынды дамыту мен қолдауға бағытталған. Сонымен қатар, ол қазақстандық бағдарламашылардың әлемдік аренада танылуына мүмкіндік береді.
«Мамыр айының басында спорттық бағдарламалаудан жас таланттарға жол ашатын және елдің IT-қауымдастығын нығайтуға көмектесетін бірінші Қазақстан чемпионаты басталады. Ол қазақстандық және халықаралық компаниялардың назарын аударатын ауқымды және қызықты іс-шара болмақ. Спорттық бағдарламалаудан Қазақстан чемпионатының бірінші туры 7 мамырда онлайн форматта өтеді. Чемпионатқа еліміздің ең үздік бағдарламашыларының арасында өз күшін сынағысы келетін 14 жастан асқан кез келген адам қатыса алады», - деп жазды Бағдат Мусин
Оның айтуынша, спорттық бағдарламалауды қолдау және Қазақстан чемпионатын өткізу елдің технологиялық дамуын ынталандыру мен жас IT-мамандар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ.
Фото inbusiness.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через