фото: pixabay.com
Табысқа жету үшін талант керек пе, әлде одан да маңыздырақ нәрсе бар ма? Бұл мақаламызда біз таланттан гөрі не маңызды болуы мүмкін және сіздің мақсаттарыңызға жету үшін нақты не нәрсе қажет болуы керек екені жәнінде әңгіме қозғаймыз.
Талант – адам бойындағы ерекше қабілет.
Мұндай қабілет адамның жоғары мақсаттарға қол жеткізе алатынын білдіреді. Дарын – талант сөзінің синонимі. Басқаша айтқанда, бұл басқа адамдарда жоқ немесе әлдеқайда аз дәрежеде дамытқан сыйлық. «Дарын» дегеніміз адам бойында негізінен ана сүтімен, ата тегімен даритын құбылыс. Қоғамда, орта мектепте тәрбие, оқыту нәтижесінде дарынды анықтауға, оны дамытуға мүмкіндік бар. Дарын – адамның белгілі бір дүниеге психологиялық қабілеттілігі. Осы қабілетті дер кезінде анықтап, оны одан әрі дамыта білу қажет. Жалпы адам баласы табиғатында дарынсыз болмайды. Біреулердің қабілеті жоғары, екінші біреулерінің қабілеті орташа, төмен болады. Өз қабілетіне сай маман иелері өмірде көздеген мақсаттарына қол жеткізе алады.
Талант пен қажырлы еңбектің қандай айырмашылығы бар?
Бұрынғы және қазіргі көптеген адамдар еңбексіз талант ешқашан дамымайтынын біледі. Тіпті «талантты жерге көму» деген сөз бар. Бұл нені білдіреді? Адам өзінің қабілетін, табиғаттан алған сыйын дамытпайды, сондықтан ол бір орында тұрып қалады. Ал дарыны төмен деп саналатын адам табандылық танытса бірнеше жылдан кейін табиғатынан дарынды адамды басып озуы мүмкін. Тек өз талантына сүйенетін және одан әрі дамымайтын адамдар көбінесе сәтсіздікке ұшырайды. Сондықтан өз күшіңді саралап, туа біткен дарынға ғана емес, алған білімге, тәжірибеге, дағдыға сүйенген абзал.
Фото pixabay.com.
Табиғи дарыннан да маңызды 5 нәрсе
Жаратқанның берген дарынан маңызды не болуы мүмкін? Енді осыған жеке-жеке тоқталамыз.
1. Тынымсыз еңбек пен дарындылық
Адамды қиын әрі тынымсыз еңбек қана жетістікке жетелейді деген пікір бар. Мұнымен келіспеу қиын. Сонымен қатар, адамға өзіне деген сенімділік қажет. Мысалы, бүгінде таңде елге танымал кейбір тұлғалар өздеріне сенбеді. Опра Уинфри мен Майкл Джордан сияқты көптеген жұлдыздар сұхбаттарында мезгіл-мезгіл өздеріне сенбейтінін мойындады. Бірақ бұл оларды тоқтатпады және олар алға жылжыды. Адам күмәнданса немесе өзін-өзі төмен бағаласа көңілі түсіп кетуі мүмкін. Бүгінде өз саласында оза шапқан адамдар бұрын әріптестерінен өздері туралы жағымсыз пікірлер естіген. Оларды басқалардан ерекшелендіретін бір ғана нәрсе – олар бұл жағдайды қабылдамай, алға жылжыды.
2. Табандылық таланттан маңызды
Көп адамға кейде алға ұмтылу үшін шыдамдылық жетіспей жатады. Бұған өз қабілетіне күмәнмен қарауы кедергі жасайды. Мұндайда табандылық пен сенімділік үлкен рөл атқаратынын естен шығармаған абзал. Егер сіз алға ұмтылсаңыз, көп нәрсеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз. Кейде сену қиын болса да, өзіңізді қамшылай түсіңіз. Бұл шығармашылық жолындағы мамандарға ғана емес, саясаткерлерге, әсіресе спортшыларға да қатысты. Олард ың жағдайында күш-жігер болмаса, ерік-жігердің көрінісі және берік ішкі өзегі болмаса, олар табысқа жете алмас еді.
3. Жетістікке жету үшін IQ-ге қарағанда эмоционалдық интеллект маңызды
Бүгінгі таңда көптеген компания эмоционалдық интеллектке баса назар аударып отыр. Бұл параметр бәрінен де маңыздырақ болады. Компанияға басшыны тағайындау үшін олар эмоционалды интеллекті жоғары адамды іздейді. Бұл өзінің және басқа адамдардың эмоциялары мен ниеттерін, мотивациялары мен тілектерін тану қабілетіне қатысты. Зерттеулер өнімділік, эмпатия және тиімді қарым-қатынас адамның интеллектіне емес, EQ - эмоционалдық интеллектке байланысты екенін көрсетті. Қарым-қатынас орнату және әлеуметтік байланыстарды құру қабілеті қазіргі әлемде шын мәнінде алдыңғы орынға шықты.
Фото pixabay.com.
4. Талантты шыңдау
Мысалы, гитарада 5-7 аккорд ойнай алатын адамның музыкалық консерваторияны бітірген адамнан айырмашылығы көп. Мұндағы білім мен күштің айырмашылығы 15-20 жыл аралығымен тең. Иә, қазіргі әлемде промоушнның арқасында ең аз біліммен де даңқа бөленіп, атақ алуға болады. Бірақ бір бағытта дамитын адам мұндай әдістерді іздемейтін адамнан ерекшеленеді. Дәл сол сахнада бүгінде дарыны аз, бірақ, мысалы, әлеуметтік дағдылары жақсы дамыған адам жарқырап жүр. Бұл да таланттың бір түрі. Тіпті жанжал мен қара пиар арқылы да адам назарын аудару, кейде әдейі арандату өзін тезірек жарнамалаудың бір түріне айналды.
5. Дұрыс ойлау және жағдайға қарай әрекет ету
Адамның өзіне талап қоя білу өте маңызды. Бірақ кейде бірбеткейлік танытпай, икемді болу да жол ашады. Егер сіз таңдаған жол сәтсіздікке ұшыраса, онда қиын болса да, басқа бағытты таңдауға тура келеді.
Кеде талай жыл жабық есік қағып жүрген актер продюсердің, режиссердің немесе оператордыңқызметін анағұрлым жақсы атқаруы мүмкін. Немесе, кейбір адамдар табандылықты талап ететін жұмыстан көрі іскерлікті қажет ететін бизнес жобаларда жолы болуы ықтимал. Расында кейбір адамдарға киім тіккенше сол киімді сату, жеткізу оңайырақ тиеді.
Сондықтан бір орында тапталып тұра бершенше, түрлі нұсқаларды байқап көру керек.
Қорытынды
Бойыңда дарының болса керемет. Өйткені дарынды адамға мақсатына жету өзгелерге қарағанда әлдеқайда жеңіл болады.
Бірақ бір ғана дарынды місе тұтқан жарамайды. Бойында ерекше қабілеті бар адамға оны дамытатын күш пен қажырлы еңбек керек.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через