“Пандемия еңбек нарығының өзгеруіне алып келді. Бірінші кезекте бұл қашықтан жұмыс істеудің дамуына жол ашты. Жаңа тенденциялар жаңа мамандықтармен қатар пайда болуда. Жаңа мамандықтарды игеруде қайта біліктілікті арттыру арқылы бәсекелестікке қабілеттілікті жоғарылатуға болады. Сондықтан кәсіби біліктілік туралы заң қажет. Бұл заң жұмыскерлердің біліктілігін мойындау, олардың құзыреттілігін арттыруға ынталандыру мәселелерін реттеуі қажет”, – деді Тоқаев.
Бұл тұрғыда мемлекет басшысы сұранысқа ие такси жүргізушісі мен курьер мамандықтарын мемлекеттік тұрғыда қолдау керекгіні жеткізді.
“Жаппай цифровизациялау интернетке негізделген жаңа мамандықтардың сұранысын арттырды. Мұның айқын мысалы, такси жүргізушілері мен курьерлер. Бұл мамандықтар мемлекеттік қолдауына мұқтаж. Бұл тұрғыда әлеуметтік және медициналық сақтандыру, зейнетақымен қамтамасыз ету және салық салу мәселелері реттелуі керек.
Еңбек нарығызына эмиграциялық жағдайлар әсер ететіні белгілі. Қазақстан еңбек мигранттарын қабылдау бойынша ТМД елдерінің арасында екінші орында. Бұл саладағы мәселелерді дұрыс шешетін шаралар қабылдануы керек. Үкіметке миграция саясатының жаңа концепциясын әзірлеу қажет. Мұнда шетелде жұмыс істейтін азаматтарымыздың құқығын қорғау бойынша сұрақтар қарастырылуы шарт”, – деп қосты президент.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через