Дубайға жұмыс істеуге кетіп, Тайландқа құлдыққа жіберілген екі қазақ жігітінің елге қалай оралғаны белгілі болды. Жағдайды Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров баяндап берді.
Қарағанды облысының 25 жастағы тумасы Исламбек Қазбеков пен тараздық Жарас құлдықтан қашып шыққан.
Содан кейін Сыртқы істер министрлігінің өкілдеріне хабарласыпты. Қазақстандықтарға белгілі бір сомаға шекараны кесіп өтуге жергілікті тұрғын көмектескен. Құлдықтан қашқандар дипломаттарға олар жұмыс істеген жерде қазақстандықтардың болмағанын мәлімдеген.
Хабар алғаннан кейін оқшау, қауіпсіз жерде жасырыну керегін айттық және оларға халықаралық үкіметтік емес ұйымның қызметкерін жібердік. Ол қазақстандықтарды қаладан шығарып, қонақүйде жасырды. Бангкоктағы консул түнде көлікпен шығып, оларға барып, бірден Бангкокқа жеткізді. Олардың визасының уақыты да бітіп кеткен. Бір тәулік ішінде құжаттарды дайындап, билеттер сатып алдық. Отандастарымыз Қатар арқылы Алматыға ұшып келді. Олардың айтуынша, өздері жұмыс істеген компанияда Қазақстанның басқа азаматтары жоқ. Айбек Смадияров, Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі
Сонымен қатар, Айбек Смадияров Сыртқы істер министрлігі Италияда қайтыс болған отандасымыз Әсем Жарбосынның мәйітін елге жеткізуге көмектесетінін жеткізді. Құжат мәселесі жақында шешілуге тиіс.
Дереккөз qazaqstan.tv. Фото newsweek.com.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через