фото: https://sputnik.kz
Солтүстiк Қазақстан облысындағы Ғабит Мүсірепов ауданына қарасты Ковыльное елді мекеніндегі дүкендерде қазір ащы сусын мүлдем сатылмайды.
Себебі сұраныс жоқ. Жалпы, мұндай бастаманы ауыл ақсақалдары көтеріп, ол бір ауыздан қолдау тапқан. Осының нәтижесінде соңғы жылдары мұнда бірде-бір қылмыс тіркелмеген екен. Сондай-ақ аталған ауылда 150-ден астам бейне бақылау камерасы орнатылыпты.
Жастар болса, салауатты өмір салтын ұстанып, әркез спортпен айналысады. Ол үшін бар жағдай жасалған.
"Мен келгелі мұнда арақ-шарап сатылған емес. Арақ сатылмайды. Бір жақсы жері осы. Көшеде біреудің теңселіп, шайқалып жүргенін байқамайсың", - дейді ауыл тұрғыны Мұхамедхан Үсейінов.
Кәсіпкер Бидайық Қазкенова осы ауылда дүкен ашқанына 10 жылданасқан.
"Арақ-шарап сатпаймыз. Өйткені ешкім алмайды, сұрамайды да. Бүкіл тойарақсыз өтеді. Қымыз, басқасусындарды алады", - дейді ол.
Еске сала кетейік, бұғандейін Солтүстік Қазақстан облысында екі ауыл ішімдіктен бас тартқанын жазған едік. Бірі – Тайынша ауданының Теңдік ауылы болса, екіншісі – Есіл ауданындағы Қарағай ауылы. Мұнда дүкен сөрелерінен ешқандай спирттік ішімдік таба алмайсыз.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через