Табиғатқа салғырт қарамайық

Табиғатқа салғырт қарамайық

       Жаз-бұл табиғи өрттің пайда болу қаупі бар уақыт. Өрт -- қоршаған ортаға, экономика мен адам денсаулығына ауыр зақым келтіруі мүмкін.

       Ағымдағы жылдың 20 наурызынан бастап, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің (16.03.2022 жылғы №27-5/46-НК) бұйрығына сәйкес Алматы қаласы мен Алматы облысының мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қауіпті кезеңі жарияланды.Осыған байланысты  Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында экологиялық рейд өткізілді.

       Алматы қаласының аумағында Іле-Алатау ұлттық паркінің 20 мың 805 гектары бар. Жыл басынан бері ұлттық парктің Медеу филиалында, табиғи парк аумағында 2 өрт оқиғасы тіркелді.

       2023 жылдың 23 сәуірінде Алма-Арасан шатқалында Терра шұңқырына барар жолда 0,5 га аумақта қураған ағаш өртенді. 27-ші сәуірде  қаланың Медеу ауданына қарасты, Алатау ұлттық паркі, «Просвешенец» шатқалында, жалпы ауданы S=100 м2 аумақта, таудың оңтүстік беткейінде құлаған, қураған 2 ағаштан өрт шықты. Төтенше жағдайлар департаменті мен «Іле-Алатау» Мемлекеттік Ұлттық Табиғи Парк қызметкерлерінің жүргізген жедел шараларының арқасында өрттің қылқан жапырақты орманға таралуына жол бермеді.

       Табиғи өрттерінің алдын алу үшінАлматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті экологиялық және орман шаруашылығы мекемелері жыл сайын бірқатар профилактикалық шараларды өткізеді. Профилактикалық жұмыстардың бір түрі – белгіленбеген жерлерде от жағуға тыйым салу. Рейдтік іс-шараларды жүргізу үшінұшқышсыз ұшу аппараттарын, яғни  дрондарды, жабдықталғантепловизорлармен және құлақтандыру жүйелерін, сондай-ақ автомобильдерді пайдаланады.Ат пен жаяу патрульдер де жүреді.

       Барлығымыз білетіндей, қала аумағында орналасқан табиғи саябақтар «Арнайықорғалатын табиғи аумақтар».

       Орманда, ерекше қорғалатын табиғи парктерде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған жағдайда кез-келген  тұлға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, 367 бабының 3-ші бөлігінде көзделген әкімшілік жауапкершілікке тартылады, яғни,  жеке тұлғаларға 345 мың теңге 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады, және басқа да ауыр жағдайларда Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (ҚР ҚК 204-бабының 2-бөлігі, бойынша  қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 2022 жылдың өрт қауіпті кезеңінде ормандардағы өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 122 тұлға  жалпы сомасы 600 мың теңгеден астам айыппұл төлеп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

       Демалушыларға ескертетін жәйт, Іле-Алатау ұлттық саябағында арнайы жабдықталған 14 орын бар. Онда ыстық тамақ дайындауға, от жағуға, барбекю жасауға арналған арнайы алаң жасақталған.(орындық, үстелмен жабдықталған). Үлкен Алматы және Казачка өзені бойында 12 орын болса, "Бутаковкада" - 2 орын қарастырылған. Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына осы сюжетті пайдалана отырып таулы-орманды жерлерде өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауды, қоқыстарды демалыс орындарына қалдырмауларын ескертеді. Себебі ол өртке әкелуі мүмкін. Ормандарды өрттен қорғау – бәріміздің ортақ міндетіміз, біз орманды өрттен  қорғау үшін бірге жұмыс істеуіміз керек.

       Гүлназ Шалабайқызы, Рүстем Бектұрғанов арнайы «Standard.kz» порталы үшін дайындалды. Видео материал  Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінен алынды.