Шымкентте Tik-Tok арқылы ойын ойнатқан жігіт ұсталды

Шымкентте Tik-Tok арқылы ойын ойнатқан жігіт ұсталды
фото: sputnik.kz

Шымкентте Tik-Tok әлеуметтік желісі арқылы заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру фактісі анықталды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

Тексеру барысында интернет желісі арқылы төрт аккаунтпен "Тринка Шамай" ойынын 1995 жылы туған азаматтың ойнатқаны анықталды.

"Ол өзінің жауабында ТикТок аккаунттарды және ақша түсетін банк картасын бейтаныс азаматтардан сатып алып, пайда табу мақсатында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғанын айтты", - делінген хабарламада.

Ұялы телефондар, карта таратуға арналған аппараттар, ойын карталары, ойыншылардың есімдері көрсетілген тізім айғақ зат ретінде тәркіленіп алынды.

Ұялы телефонда орнатылған банк қосымшасына талдау жасау барысында соңғы бір ай ішінде жалпы ақша айналымы 15 млн теңге болғаны анықталды.

Заң бұзушылықтың мән-жайы анықталып жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Қазақпарат