фото: © Photo : Қазақстан ҰҚҚ
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері прокуратурамен келісе отырып, ірі метамфетамин партиясының контрабандалық арнасын жойды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Операция Шымкентте жүргізілді. Арнаны ұйымдастырды деген күдікті шетелдік азамат есірткі алып жатқан жерінде ұсталды.
Үлкен жүк көлігін тексеру барысында "Cola" сусынында ерітілген 90 литрден астам есірткі заттары табылды және тәркіленді. Сараптама нәтижесінде сұйықтықтағы тыйым салынған заттардың концентрациясы 80%-дан жоғары екені анықталды.
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через