Шымкентте мектептің 200 ноутбугы ломбардтан табылды

Шымкентте мектептің 200 ноутбугы ломбардтан табылды
фото: https://sputnik.kz

Шымкентте мектептің 200 ноутбугы ломбардтан табылды

Шымкентте мектеп компьютерлерін жөндейтін маман 200-ден астам ноутбукті ломбардқа өткізіп жіберген. Ал ақшасын букмекерлік кеңседе ұтылып қалған.

Құмар ойынның құлы болған жас жігіт Асанбай Асқаров атындағы мектепке былтыр жұмысқа тұрған. Пандемия кезінде оқушылардың онлайн оқуына берілген құралдарды жөндеуім керек деп, оқушылардан барлық ноутбукты алып қойған.

"Ол компьютерлердің барлығын "Гарант" дүкеніне барып сатқан, сонымен қатар ломбардтарға өткізген. Ал ақшаны өзінің айтуынша, букмекерлік кеңеседе жұмсаған. Ойынқор азамат екен, кінәсін толық мойындады", - дейді Шымкент қаласы әл-Фараби ауданы сотының төрағасы Еркебұлан Төлешов.

Компьютерлердің жоғалғанын мектеп директорды жабдықты түгендеу кезінде байқаған. 28 жастағы Нұркен Жайынбаев осы қылмысы үшін 7 жарым жылға сотталды. Оған қоса, сотталушы жалпы сомасы 35 миллион теңгеге бағаланған техникаларды қайтарып беруге міндеттелді.

Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиеваның айтуынша, сотта Жайынбаев дәл сондай ноутбуктер мен компьютерлерді сатып аламын деп уәдесін берген. Бүгінде ол техниканың бағасы көтеріліп кетті.

"Осы бағыттағы жұмысты бақылап, жаңасын дәл сол үлгіде қабылдап аламыз деп отырмыз. Өзіміз дүкендерден көрдік, ол кездегі біздің алған бағамыз 145 мың теңгеден болған. Бүгінгі таңда сол компьютерлеріміз 152-155 мың теңге", - деп атап өтті Тәжиева.

Мәтіндегі ақпарат туралы