фото: pixabay.com
Шымкентте қылмыстық жолмен қомақты пайда тауып жүрген өрімдей жастар ұсталды. Небәрі 20-25 жас аралығындағы жігіттер қаланың жастары мен кәсіпкерлерін зар жылатып келген.
Он адамнан тұратын қылмыстық топты құрықтау үшін арнайы жасақ жұмылдырылды. Мұздай қаруланған сақшылар күдіктілердің жиі жиналатын дәмханаларына сау етіп кіріп келіп, бәрін бір мезетте ұстады. Үйлерін тінту кезінде олардан қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды.
Қылмыстық топ Шымкентте ғана емес, жалпы оңтүстік аймақтың тұрғындарын қорқытып үркіту арқылы ақша бопсалап келгені анықталды. Қазір жәбірленушілер мен күдіктілерден түсініктеме алынып жатыр.
Бағлан Исатаева, Шымкент ПД баспасөз хатшысы: — Кешенді іс-шара нәтижесінде 10 күдікті адам ұсталды. Мекенжайын тексергенде заттай дәлелдемелер табылып, тәркіленді. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Дереккөз ktk.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через