Шымкент қаласында ұйымдасқан кәсіп иелеріне қоқан-лоқы көрсеткенұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Олар жергілікті кәсіпкерлерді қорқытып, күш көрсету арқылы ақшалары мен автокөліктерін тартып алған. Полиция олардан қару-жарақ пен оқ-дәрілерді, есірткі заттарын тәркіледі.
Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің арасында ең ересегі 40 жаста болса, ең жасы 20-дағы бозабалалар. Олардың көпшілігі бұған дейін қылмысы үшін бірнеше рет жауапқа тартылған.
Арнайы операция нәтижесінде полицияға 10 адам жеткізілді. Топтың ең белсенді 4 мүшесі қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы “Сапалы Қазақстан” порталы polisia.kz сайтына сілтеме эжасап хабарлайды.