Шымкентте 5 мың адам қатысқан марафон өтті

Шымкентте 5 мың адам қатысқан марафон өтті

      5 мыңға жуық қатысушы. Биылғы Шымкент марафонына осынша адам жиналды және ол өзіндік рекорд саналады. Еліміздің түкпір-түкпірінен және алыс-жақын шетелдерден келген әуесқой спортшылар бірнеше қашықтық бойынша бақтарын сынады. Ең ұзағы - 42 шақырым. Оны Шохрух Давлатов есімді желаяқ бірінші болып бағындырды. Өзбекстан өкілі аталған аралықты 2 сағат 25 минутта жүгіріп өтті. Бұдан бөлек, 5, 10 және 21 шақырымдық жарыстар ұйымадстырылып, жеңімпаздарына бағалы сыйлақтар табысталды. Соның қатар биыл бағдарламаға скандинавиялық жүріс және экиден сынды бағыттарды да қосқан. Шымкент марафонына қатысқандар арасында 6 жастағы баладан бастап, 76 жастағы қарияға дейін бар. Сондықтан, оны жарыс дегеннен гөрі спорттық мереке деген дұрыс дейді қала тұрғындары. Ал, ұйымдастырушы тарап шараны алдағы жылдары да тұрақты өткізуді жоспарлап отыр және оның форматы мен ауқымын кеңейту мақсатында тағы бірқатар жаңашылдықта қолға алмақ.

      Ақпарат дереккөзі