Шымкент Ұлыстың ұлы күнінде 2,5 мың литр наурыз көже дайындалды.
Асты Қазақстан мен Қырғызстан және Өзбекстаннан келген аспаздар бірлесіп әзірлеген. Дәстүрлі ән, достық тағам, наурыз тақырыбын тереңінен тарқатқан ақындар айтысты. Мұның барлығы мерекеге орай өткізілген үш күндік «Ұлы қазақ ойындары» этнофестивалінде жаңғырды. Қаз-қатар тізілген 200 ге жуық киіз үйде мол дастархан жайылып, тарихи-мәдени құндылықтар насихатталды. Ұлттық тағам сайысында 20 қазанға достық палауы әзірленді. Палауды дайындауға әр мемлекеттің аспаздары атсалысты. Ал бұл күннің басты тағамына айналған «Наурыз көжені» төрт елдің бас аспаздары бірлесіп, әзірледі. Ауқымды шарада қымыз пати да ұмыт қалмады. Халықтық мерекеде дәстүрлі ән, жыр-терме жанры жұртшылыққа жағымды әсер сыйлады.Төрт бағытты қымтыған «Ұлы қазақ ойындарында» 11 аталым бойынша 17 облыс, 3 мегаполистің үздік командалары марапатталды.
Балғынбек Имашев, айтыскер ақын:
- Бүкіл елдің назары осы Оңтүстікте болып отыр. Өйткені биыл Шымкенттегі мереке осы наурыз тойының ауқымы өте үлкен. Халықаралық деңгейге көтерілді десек болады. Қазақтың ұлттық тағамдарынан жарыстар өтіп жатыр, қазақтың ұлттық киіміне мән беріліп, қазақтың ұлттық өнерінің барлығы ұлықталып жатыр. Ат спорты өз алдына, садақ ату мен батырлық өз алдына күй-ән, дәстүрлі ән, жыр-терме, би өнері үлкен ауқымдағы алғаш рет сайыс болып өтіп жатыр.
https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/592562-shymkentte-2-5-my-litr-nauryz-k-zhe-dajyndaldy
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через