Шымкентте 18 вагон аударылып кетті

Шымкентте 18 вагон аударылып кетті

Шымкентте 18 вагон, оның ішінде 17 бос вагон бүйіріне аударылып кетті, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті.

Төтенше жағдай туралы хабарлама 11 мамырда сағат 16.37-де түскен. Оқиға Абай ауданындағы Игілік-Бадам темір жолының 3266 км учаскесінде болды.

"Вагондар "Шымкент-Арыс" бағытындағы №2489 жүк пойызының құрамында (жалпы саны 57 вагон) болды. Салдарынан әуе электр желілерінің 11 тірегі зақымдалған, темір жол төсемі ішінара зақымданды", - делінген хабарламада.

Аталған стансада вагондардың істен шығуына байланысты "Алматы-Маңғыстау" бағытындағы №77 жолаушылар пойызы 1 сағат 15 минутқа кідірді.

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына "ҚТЖ ҰК" АҚ (55 адам және 1 қалпына келтіру пойызы) күштері жұмылдырылды.

Зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД басшылығы, жеке құрамның 14 адамы және 4 бірлік техникасы шықты.

Қазақпарат

© Photo : Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті