Шымкентте 12 жастағы жасөспірім автоэлектрик болып жұмыс істейді

Шымкентте 12 жастағы жасөспірім автоэлектрик болып жұмыс істейді

       Самандар Ғайратов автомагнитол орнатумен, электр жабдықтарын диагностикалаумен және жөндеумен айналысады. Қазір жасөспірімнің жұмысына риза тұрақты клиенттері  бар.

       Оның оқу үлгерімі де жақсы. Көршілері көбіне Самандардан көмек сұрайды. Соның бірі – Әділет Тұрдыхан. Ол өз көлігін 12 жастағы автоэлектрикке сеніп тапсырады.

       «Ол өте жақсы жұмыс істейді. Мен оған бұл жұмысты қолға алған кезінен бері барамын. Ол машинаны портативті динамикпен толықтыра алады. Автомобиль стартерін жөндей алады. Қалада мен соған ғана барамын», – дейді Әділет жас автоэлектрик туралы.

       Самандарға көлік жөндеуді  әкесі Данияр Жүнісов үйреткен. 6 жастан бастап  осы жұмысты үйрене бастапты. Әкесі сол кезден бастап баланың қызығушылығын байқаған. 12 жастағы мектеп оқушысы жөндейтін барлық машиналарды әкесі тексереді. Ер адамның айтуынша, ұлы әлі қателік жібермеген. Әкесі  ұлына осы өнерді үйрете бастағанда, жетістікке жететінін білген. Самандар болашақта IT маманы болғысы келеді.

Otyrarnews