фото: https://sputnik.kz
Шымкентте толассыз жауған жаңбырдан көшелерді су басты. 2023 жылдың 16-17 ақпанында қала аумағында нөсер жаңбыр жауды.
Төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында департаментте жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды.
Қазығұрт шағын ауданындағы Бөгенбай көшесі бойында, Темірлан тас жолының бойында орналасқан "Закир" дүкенінің жанында суды айдап шығару жұмыстары жүргізілді.
Нұртас шағын ауданында ауланы су баспау үшін инертті материал салынған қаптарды төсеу жұмыстары жүргізілді.
Су шығару жұмыстары қалалық коммуналдық қызметтермен бірлесіп жүргізілді, онда 87 бірлік техника, 65 мотопомпа, жеке құрамның 173 адамы жұмылдырылды.
Жалпы 2508 текше метр су шығарылды, 800 қап инертті материал төселді. Үйлерді су басуына жол берілмеді.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через