фото: pexels.com
Адамның жасы ұлғайған сайын тері де қартаяды, бетке әжім түсе бастайды. Алайда әйелдің 30, 40 жастан кейін де жас көрінуі, ер азаматтардың назарына ілігуі өз қолында деп айтуға болады.
Сұлулықты қалай сақтауға болады?
Дұрыс күтім жасап, бірнеше қарапайым ережелерді орындаңыз.
Өмір салтымызды өзгерту
Күнделікті тәртіптің болмауы, дұрыс тамақтанбау, шамадан тыс стресс - мұның бәрі әйелдердің жасын есейтіп көрсететіні белгілі.
Сондықтан сұлулықты сақтау үшін келесі тармақтарды үнемі бақылау қажет:
Ұйқы – ұйқы жиі қанбаса, не бұзылса сіздің жалпы жағдайыңызға әсер етеді және салмақ қосуға, жүйкеңіздің сыр беруіне әсер етеді. Сондықтан, қандай жағдай болмасын ұйқыны қандырып, жақсы демалуға тырысу керек. Бұл жас көрінудең ең қарапайым және бірден бір құпиясы.
Спорт - табиғи процестерді тоқтатудың сиқырлы жолы жоқ. Бірақ жастық пен сұлулықты қалай сақтауға болатынын іздейтіндер серуендеуге, фитнеске және спортзалға үнемі баруға уақыт бөлуі керек. Йоганың қартаюды бәсеңдететіні дәлелденген – сымдай тартылған, сымбатты дене кез келген жаста керемет көрінеді.
Тамақтану - өзіңізді қатаң шектей берген жөн емес, себебі бір күні берілетініңіз сөзсіз. Мұндайда диетаға жаңа піскен көкөністер мен басқа да пайдалы тағамдарды қосу арқылы қантты, майлы тағамдарды және алкогольді азайту керек және кешкі астан мүлдем бас тартқан дұрыс.
Осындай амалдарды қолдана отырып, іс жүзінде ешқандай күш жұмсамай, жасыңыздан әлдеқайда жас көріне аласыз. Өмірден рахат алу керек - өзіңізді бағалаңыз, өзіңізге шамадан тыс күш түсірмеңіз және қалауыңыздың бәрінен бас тарта бермей, анда-санда қалаған тамағыңызды мөлшермен жеп, өзіңізді еркелетіп қойыңыз.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через