фото: pixabay.com
Кейбір еуропалық әуежайлар қол жүгіндегі сұйықтықтарға шектеулерді жоя бастады. Биліктің сендіруінше, рейстердің сенімділігі төмендемейді. Бірақ оның көптеген артықшылығы бар, мысалы, уақыт пен ақшаны үнемдеу, деп жазды Еuronews.
Сусабынның шағын құтылары еуропалық демалыстың ажырамас бөлігі болғанына көп уақыт болды. Бірақ бұл ұзаққа бармайды. Жоғары технологиялы КТ сканерлері қол жүгіндегі 100 мл сұйықтық ережесін жойып, қауіпсіздікті тексеруді жеңілдетеді және кезек уақытын қысқартады.
100 мл ережесі не үшін енгізілді? Мұны саяхатшылар білуі керек.
2006 жылдан бастап бүкіл әлем бойынша әуе компания жолаушылары қол жүгінде 100 мл-ден аспайтын сұйықтықтарды тасымалдауға құқылы.
Бұл ереже британдық полиция бірқатар трансатлантикалық рейстерде алкогольсіз сусын ретінде жасырылған сұйық жарылғыш заттарды жару жоспарын ашқаннан кейін енгізілді.
Қаскүнемдер ұшу кезінде көлемі 500 мл газдалған бөтелкелеріне сутегінің асқын тотығы мен басқа заттарды құйып, қақпақтарды жабық қалдыру арқылы құрылғыны жинап, жаруды көздеген. Басқа ингредиенттермен белгілі бір концентрацияға дейін араласқанда, тіпті қарапайым ағартқыш зат жарылғыш затқа айналуы мүмкін...
Сарапшылардың айтуынша, егер қастандық жүзеге асса, бұл 11 қыркүйектегі лаңкестік әрекеттен де қауіпті болар еді. Лаңкестер Ұлыбританиядан АҚШ-тың бес әуежайы мен Канаданың екі әуежайына бағыт алған бірнеше рейсте жарылыс ұйымдастырмақ болған.
Олардың жауық ниеті анықталғаннан кейін жолаушылар қол жүгіндегі кез келген сұйықтыққа толығымен тыйым салынды. Кейін тыйым жұмсартылды: сынақтар құты тексерілген жағдайда 100 мл сұйықтықты тасымалдау қауіпсіз екенін көрсетті.
18 жылдан кейін жаңадан жетілдірілген қауіпсіздік сканерлерінің арқасында 100 мл сұйықтық ережесі бірнеше елде жойылады. Медицинада қолданылатынға ұқсайтын КТ технологиясын көмегімен машиналар жолаушылардың сөмкелеріндегі жүктің анық 3D-суретін алады. Оның егжей-тегжейлілігі соншалық, оны «сандық қораптан шығарумен» салыстыруға болады», - деп түсіндірді құрылғы өндірушісі Smiths Detection тобы.
Дереккөз kaz.inform.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через