Суға кеткен тағдырлар

Суға    кеткен    тағдырлар

Суға    кеткен    тағдырлар

Биылғы   жаз   ерекше   ыстық.  Жаз   қызығы   өзенге    шомылу, жағажайдағы   жайлы   демалыс  екені  рас.  Шілденің   ыстық   күндері   кімді  болса  да,   суға   шомылуға  деген   аңсарын   оятары  анық.   Алайда,  осы  қызықтың  соңы   қайғыға   ұласып   жатса   нешік. Жаз   басталғалы  суға  батып   кеткен  тағдырлар    қаншама.  Көз    жүгіртіп    көрейікші.

Орал   өзені  екі  бірдей   отбасын  үлкен   қайғыға   ұшыратты.  Алдымен   5  және  7  жастағы  екі  ұлымен  бірге  әйел  адам  суға батып кетті.  Әйел  адам балаларын  құтқармақ  болған.

"Олар жағалауды нығайту жұмыстары жүргізіліп жатқан жерге батып кеткен. Тереңдігі - 6 метр. Суға батып кеткен екі бала мен олардың анасы табылды. Балалар суға  шешініп түскен, анасының үстінде  киімі бар.  Жағалауда  балалардың  самокаттары  жатыр. Олардың  суға  қалай батып кеткенін көрген ешкім емес.  Сірә, балалар суға түсіп  батып кетті, ал анасы  оларды  құтқармақ  болды", – дейді  куәгер.

БҚО  ТЖД  баспасөз  қызметі Орал өзенінде ТЖД ЖҚБ іздестіру тобы 10 жасар қызын  құтқару үшін суға батып кеткен 48 жастағы ер адамның мәйітін тауып алып, судан алып шыққанын айтты. Қыз  суға  рұқсат  етілмеген  жерде  шомылған.  Әкесі мен баласының денесі судан шығарылды.

Ал, ШҚО-да 8 жасар қыз бен оның анасы өзенге батып кетті. Қайғылы оқиға Алтай ауданы Зубовск ауылындағы Бұқтырма өзенінде орын алды.  "Ойын барысында сегіз жасар қыз суға батып кетті",-деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. Куәгерлердің  айтуынша, баланың анасы – 1994 жылы туған. Әйел қызын құтқаруға   тырысқан,  бірақ   жүзе   алмаған.

Суға батып кеткен қыздың анасының денесі өзеннен 10 шақырым жерде, бала суға  құлаған  жерден  табылды.

ШҚО ТЖД мәліметінше, суға шомылу маусымы басталғаннан бері облыста сегіз адам суға батып кеткен, олардың екеуі – бала.

 Ақтөбеде   Жаман Қарғалы өзеніне 5 және 6 жастағы екі бала суға  батып кетті.

Тағы бір жайт, бір топ жастар демалыс базасына суретке түсуге келген.  Өкінішке орай,  олардың  демалысы   қайғылы    жағдаймен  аяқталды.  Суда селфи  жасаймыз деп  екі  қыз  суға  кетті.   

Демалыстарыңыз   сәтті   өтсін,    жақындарыңызға    қамқор   болыңыздаршы.