Жаз мезгілінде шомылу маусымы ашылады. Қапшағай, Алакөл сынды демалыс аймақтарында ине шаншыр жер қалмайтынын жақсы білеміз. Күннің аптап ыстығында шомылған бәріне ұнайды. Алайда, екінің бірі қауіпсіздік шараларын сақтамайтыны тағы бар.
Жүзе алмайтын және салқын суға түскенде ұстамасы ұстап қалатын адамдар да кездесіп жатады. Мұның арты қайғылы оқиғаға апарады. Ендеше суға батып бара жатқан адамға қалай көмектесу керек екенін біле жүріңіз!
ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары суға батып бара жатқан адамға қалай дұрыс көмектесу керегін түсіндіріп берді.
- Батып бара жатқан адамға артқы жағынан жүзіп келуіңіз керек. Оны құшақтап алып, жағаға қарай жүзіңіз. Егер батып бара жатқан адам мойныңыздан немесе қолыңыздан ұстап алса - сүңгіп кетіңіз. Cол кезде ол инстинктивті түрде суда қалуға тырысады және сізді қармағынан босатады;
- Адам су астында 6 минутқа дейін болса, оны құтқаруға мүмкіндік бар. Адам жүрегі бірден тоқтап қалмайды. Судан шығарған кезде жүрек қызметі жанама жүрек массажын қажет етпейтіндей әлсіз болса да соғып тұрады. Сондықтан негізгі реанимациялық шаралар өкпені жасанды желдету болады;
- Тыныс алу жолдары мен асқазаннан су мен көбікті кетіру үшін тізені бүгіп суға батқан адамды асқазанымен тізеге жатқызу және кеудесін қысу арқылы жүзеге асырылады. Бұл әрекеттер бірнеше секунд болуы керек;
- Жоғарғы тыныс жолдарын босату: сұқ саусаққа дәке орап, саусақпен ауызды судан, құсықтан тазартыңыз;
- Өкпені жасанды желдету келесідей жасалады - бір қол мойынның астына қойылады, екіншісі зардап шегушінің маңдайына қойылып, басын шалқайтады. Ауа шықпас үшін мұрынды қысу керек. Көмек көрсетуші зардап шегушінің аузын аузымен мықтап жауып, оның тыныс алу жолына дем береді;
- Егер зардап шеккен адамның тамыр соғысы сезілмесе, оны дереу шалқасынан жатқызып, тікелей емес жүрек массажын бастаңыз. Зардап шегушіні қатты, тегіс бетке жатқызыңыз, білекті түзу ұстап адам денесіне перпендикуляр тұрып, кеуде ортасына 2 см жоғары қойыңыз. Массаж кезінде иық белдеуінің бүкіл салмағымен қысым жасау үшін қолды түзу созыңыз. Кеудеге массажды бастаңыз. Қысым жиілігі минутына – 100-120 рет. 30 рет қысым жасаған соң 2 рет тыныс алу жолына дем беру керек.
Ашық дереккөзде суға батып бара жатқан адамдардың 80 пайызынан астамы алғашқы минутта дұрыс көмек алса ғана аман қалады екен. Өз қабілетіңізге сенімді болсаңыз жоғарыда айтылған кеңестерді қолдансаңыз болады.
Дереккөз bugin.kz. Фото uznayvse.ru.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через