фото: Хабар 24
Суданның 20 милионнан астам тұрғынына азық-түлік жетіспей отыр.
Бұл - ел халқының 40 проценті. БҰҰ-ның сарапшылары жуырда жариялаған баяндамасында осындай мәлімет келтірді. Ұзаққа созылған қуаңшылықтың салдарынан егін шықпай қалды. Қарулы қақтығыстар жағдайды одан әрі ушықтырып жіберді. 4 миллиондай адам үйлерін тастап, елдің өзге аймақтарына көшсе, тағы бір миллионы көрші мемлекеттерге қашқан. Биыл БҰҰ-ның Азық-түлік бағдарламасы Суданның бір жарым миллион тұрғынын қайырымдылық көмекпен қамтамасыз етті. Және жыл соңына дейін 6 миллион адамға қолдау көрсетпек
Ақпарат дереккөзі: www.24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через