Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин көктем мезгілінде су тасу қаупі бар өңірлерді атады.
"Қардағы су қорының мөлшерін, топырақтың күзгі ылғалдануын, топырақтың қату тереңдігін талдай отырып, сондай-ақ қар астында мұз қабығының болуын ескеріп, су тасқыны қаупі бар аймақтар анықталды", - деді Ильин үкімет отырысында.
Атап айтқанда, тәуекелі жоғары өңірлерге Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары жатады.
Тәуекелі орташа аймақтарға Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстары кіреді.
"Күннің күрт жылынуы, қардың қарқынды еруі, сондай-ақ қатты жауын-шашын жағдайында осы өңірлердің елді мекендерінде су тасқыны жағдайы күрделенуі мүмкін", - деп ескертті министр.
Оның айтуынша, су тасқынына қарсы шараларды іске асыру нәтижесінде 340 елді мекенді су басу қаупі жойылды, ал 385 елді мекенде қауіп барынша азайтылды.
"Бүгінгі күні су тасқыны қаупі бар 1 010 елді мекеннің 285-і үшін қауіп сақталуда", - деді ол.
Сондай-ақ су тасқынын болдырмас үшін жанар-жағармай (15,2 мың тонна) және инертті материалдар (226,3 мың тонна) мен құм салынған қаптар (823 мың дана) қоры қалыптастырылды.
Елді мекендерден қарды шығару жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта 5 миллион текше метрден астам қар шығарылған.
Sputnik.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через