фото: © Photo : Даурен Ерболат
Қостанай, Ақтөбе, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарында мектептерге Starlink желісінің терминалдары орнатылды, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
"Бірінші кезекте эвакуациялық пункттер орналасқан мектептерде байланыс қондыру мен онлайн оқытуды ұйымдастыру қолға алынуда. Су тасқыны басталғалы бері 13 мектеп жоғары жылдамдықты желіге қосылды. Қазір терминалдар Ақмола және Түркістан облыстарының мектептерінде орнатылуда", - деп атап өтті цифрландыру департаменті директорының міндетін атқарушы Майра Маралбаева.
Жалпы, еліміздің 329 мектебі Starlink технологиясын қолдана отырып, интернетпен қамтамасыз етілген. Терминалдар орнатылғаннан кейін мектептердегі интернеттің орташа жылдамдығы 150 Мбит/с болады.
Оқу-ағарту министрлігі 2024 жылы мектептердің 80 пайызын жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуге уәде берген болатын.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через