Су тасқыны: тұрғындарды эвакуациялау үшін тағы үш пойыз жолға шығады

Су тасқыны: тұрғындарды эвакуациялау үшін тағы үш пойыз жолға шығады
фото: "Қазақстан темір жолы" ҰҚ  АҚ баспасөз қызметі

Су тасқыны қаупі төнген аймақтардан тұрғындарды эвакуациялау үшін тағы үш қосымша пойыз жолға шығады, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

"Ұлттық тасымалдаушы тұрғындарды тасымалдау үшін тағы 3 пойызды жөнелтеді", - деп жазылған хабарламада.

Олар келесі бағыттар бойынша жүреді:

1.№211/212 "Орал-Қызылорда" пойызы бір рейске: 13 сәуірде сағат 20:32-де Орал қаласынан жөнелтіліп, 14 сәуірде сағат 22:45-те Қызылордаға келеді;

2.№213/214 "Атырау-Астана-Қарағанды" пойызы бір рейске: 13 сәуірде сағат 19:30-да Атыраудан жөнелтіліп, 15 сәуірде сағат 08:30-да Қарағандыға келеді;

3.№215/216 "Атырау-Алматы" пойызы бір рейске: Атыраудан 14 сәуірде сағат 23:16-да жөнелтіліп, Алматыға 17 сәуірде сағат 03:50-де келеді.

Сондай-ақ Астана-Атырау-Астана бағытындағы жолаушылар пойыздарына төрт қосымша вагон қосылды.

№211/212 және №215/216 пойыздарының купе вагондарының құны 13 915 теңге, ал плацкарт билеттері 9 216 теңге тұрады. Ал ірі қалалар арқылы өтетін №213/214 "Атырау-Астана-Қарағанды" пойызының бағасы купе үшін 18 114 теңге, ал плацкарт үшін 11 898 теңгені құрайды.

"Қабылданып жатқан шаралар су тасқыны қаупі бар аймақтардан қосымша 2 мыңнан астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді", - деп түсіндірді ҚТЖ.

 Қосымша пойыздар мен вагондарға билеттер 13 сәуірде сатыла бастайды. Билеттерді комиссиясыз bilet.railways.kz сайтынан және вокзалдың билет кассаларынан сатып алуға болады.

ҚазАқпарат